Саксофон ойнаған балаға оқ атқан: Санкт-Петербургте Қазақстан тумасы ұсталды

Аулада өнер көрсетіп тұрған 11 жастағы бала ауыр жарақат алды. Күдікті Мариин театрымен байланысты болып шықты.

Бүгiн 2026, 10:09
АВТОР
 Baza Бүгiн 2026, 10:09
Бүгiн 2026, 10:09
243
Фото: Baza

Санкт-Петербургте 11 жастағы баланың жарақат алуына байланысты 38 жастағы ер адамды құқық қорғау органдары ұстады.

Baza Telegram-арнасының мәліметінше, ер адам аулада саксофон ойнап жүрген балаға пәтер терезесінен оқ атқан болуы мүмкін.

Ақпаратқа сәйкес, пневматикалық тапаншадан шыққан оқ баланың бет тұсына тиіп, иегіне кептеліп қалған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

БАҚ мәліметінше, ұсталған азамат – 2021 жылдан бері Мариин театрының қосалқы труппасында жұмыс істеген, Қазақстанда туған Айтжан Смағұлов.

Оқиғаға байланысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада дамуында тежелісі бар оқушыны сабақтан кейін соққыға жыққанын хабарладық.

Наверх