Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атыраудағы қанды қылмыс: Күдіктінің бес баласы мемлекет қорғауына өтті

Бөлісу:
 qamqor.gov.kz
Фото: qamqor.gov.kz

Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің 5 баласы мемлекет қамқорлығына өтті. Бұл туралы Атырау облысының білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Махамбет ауданындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия уақытша үш баланы Атырау облысының білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 1 және 3 жасар екі кішкентай баланы арнайы балалар үйіне орналастырды, – деп хабарлады ведомстводан.

Баспасөз қызметі балалардың жағдайы үнемі бақылауда екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Ал 6 қаңтарда жантүршігерлік дерек белгілі болды. Үйдің жанындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған.

Кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті ретінде марқұм зейнеткерлердің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің аты-жөні көрсетілген жазба жарияланды. Ол жұбайымен бірге халықаралық іздеуге алынған. Қазіргі таңда олардың қайда жүргені белгісіз.

Сондай-ақ біз Атырау облысындағы қоғамды шошытқан сұмдық оқиғаның хронологиясына тоқталған едік.

Аталған іске қатысты полиция атыраулық «хакерді» іздестіріп жатқанын да жариялады. Одан кейін марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы