Атыраудағы қанды қылмыс: екі адамды өлтірді деген күдіктілер елге жеткізілді

Күдіктілер интерполдың "қызыл хабарлама" тізімінде болған.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 19:20
Бүгiн 2026, 19:20
629
Фото: polisia.kz

Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдіктілер елге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласына жеткізілді. Деректерге сәйкес олар 9 наурыз күні Алматыдан ұшып келген рейспен жеткізілген.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Ал 6 қаңтарда жантүршігерлік дерек белгілі болды. Үйдің жанындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған.

Кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті ретінде марқұм зейнеткерлердің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің аты-жөні көрсетілген жазба жарияланды. Ол жұбайымен бірге халықаралық іздеуге алынды.

Сондай-ақ біз Атырау облысындағы қоғамды шошытқан сұмдық оқиғаның хронологиясына тоқталған едік.

Аталған іске қатысты полиция атыраулық «хакерді» іздестіріп жатқанын да жариялады. Одан кейін марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырғаны айтылды.

Одан кейін Индонезияда күдіктінің ұсталған сәттегі фото-видеосы жарияланды. 

Күдіктілер 2026 жылғы 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталған. Операцияны Интерполдың Индонезиядағы ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және иммиграциялық қызметтің бірлескен тобы жүргізген.

Сондай-ақ Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жантүршігерлік қылмысты жасады деп күдікке ілінгендерді елге жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Наверх