Атырауда жолда қалған жолаушы құтқарылды

Атырау облысында ТЖМ қызметкерлері жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 2 Қаңтар 2025 2025, 22:17
2 Қаңтар 2025 2025, 22:17
688
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Атырау облысында ТЖМ қызметкерлері жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Исатай ауданында 1995 жылы туған ер адам мотоциклмен Қызылүй ауылынан Аққыстау ауылына бара жатқанда, бірнеше ондаған шақырым жүріп өткен соң мотоцикл сынған. Сол себепті ол құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ күштері ер адамды құтқарып, Аққыстау ауылына жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх