Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда жол үстіне құлаған бетон тіреулер бірнеше автокөлікті соқты

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

20 қаңтар күні Атырау қаласында Атырау – Доссор автожолында жүк көлігінің қатысуымен қауіпті жағдай тіркелді. Қозғалыс барысында тіркемені ұстап тұрған трос үзіліп, бірнеше бетон конструкциясы жолдың үстіне құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, құлаған бетон тіреулер үш автокөлікке, соның ішінде жанында келе жатқан жеңіл көлікке зақым келтірген. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға оңға бұрылатын тұста болған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты материалдар жиналып, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жолда мұқият болуға және ірі көлемді жүк тасымалдайтын көліктердің қозғалысы кезінде жүктің құлау қаупін ескеруге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы