Атырауда жемқорлық деңгейі жоғары болып тұр

30 Қазан 2019, 21:19
1472
Бөлісу:
Атырауда жемқорлық деңгейі жоғары болып тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 31 қазанда Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес мүшелері Атырау облысындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты жүргізілген жұмыс мәселелері мен "Таза сессия" жалпыреспубликалық акциясының алдын ала қорытындыларын талқылайды.

"Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017, 2018 және үстіміздегі жылдың 9 айында 384 қылмысты тіркеген, бұл республика бойынша жемқорлыққа қатысты тіркелген жалпы қылмыстың 6,5%-ын құрайды (5859). Олардың басым бөлігі парақорлық пен ұрлыққа қатысты", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, "Таза сессия" акциясы аясында ҚР Жоғарғы оқу орындарындағы студенттер арасында жүргізілген бейесімді сауалнаманың қорытындысы, осы саладағы жемқорлық деңгейінің жоғары қалпында қалып қойғанын көрсетіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы