Атырауда жазатайым оқиға салдарынан үш жасар бала көз жұмды

Полиция тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

 27 Шілде 2024 2024, 19:34
27 Шілде 2024 2024, 19:34
738

Кеше Әйтеке би көшесіндегі субұрқақтың ішіне түскен 2021 жылы туған баланы құрылғының дөңгелек сорғысы тартып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет бүлдіршіннің көз жұмғанын нақтылады.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу шаралары қолға алынды, - деді Мейірім Есдәулет.

Полиция тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Наверх