Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 230 шақырым бөгет тұрғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмысты жүйелі жүргізу үшін жергілікті билік қаланы 111 секторға бөлген. Қазір бұл жұмыстарға 10 мыңға тарта ерікті мен 822 арнайы техника жұмылдырылды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі 3 сантиметрге көтеріліп, бүгін 425-ке жетті. Өңірдегі ахуал әзірге тұрақты.
Қаладағы барлық мекемелер жұмылдырылып, бүгінгі таңда дамбы көтеру жұмыстары аяқталуға жақын. Осы жұмыстарға қаланың ірілі-ұсақты 78 кәсіпорыны қатысып, қаламыздың барлық еріктілері үлкен жұмыстар атқарды. 10 мыңға жақын еріктілер қаладағы бой көтерген дамбыларға қапшық қаптау жұмыстарына үлкен үлестерін қосты, - деді қала әкімі Шәкір Кейкін.