Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы күзде аяқталады

13 Маусым 2020, 03:37
1236
Бөлісу:
Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы күзде аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың айтуынша, бұл – қаланың сол жақ жағалау бөлігіне арналған нысан.

Қазір аталған нысанда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Енді технологиялық жабдықтарды орнату, монтаждау, кешенді іске қосу жүргізілуде. Бұл жұмыстарды толық аяқтап, нысанды іске қосу қыркүйек айына жоспарланған.

Нысанның құрылысы 2017 жылдың қараша айында басталды. Аталған кешен канализациялық станция мен тазарту алаңдары, тазартылмаған және тазартылған ағындардың қысым коллекторы, сондай-ақ, биологиялық тоғандар мен булану алқаптарының алаңын қамтиды. Жаңа кәріз суын тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін, бірнеше жылдан бері қала тұрғындарының шағымын тудырған "Сасық сай" алаңы жабылады, - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Таубаев.


Мамандардың айтуынша, сарқынды су булану алқабына түспес бұрын, кәріз-тазарту станциясының көмегімен тазартудың толық кезеңінен өтеді. Бұл кәріз суын ғана емес, сонымен бірге, жер асты суын, топырақ пен ауаны тазартуға жол ашпақ.



Өзгелердің жаңалығы