Өзбекстан азаматтары «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталып, Атырау қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ҚР аумағынан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасының консулдық қызметінің күшімен олар «Өз еліне қайтару куәлігін» алып, шекараға дейін арнайы ұйымдастырылған автобустармен жеткізілді, - деді Атырау облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әділжан Жаншин.
Полицияның анықтауы бойынша шетелдіктер Атырау қаласына 2008 жылы ешқандай құжатсыз келген. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар қатарына қосылып, қайыршылықпен айналысқан.