Атырауда заңсыз ойын орындары анықталды

4 Тамыз 2022, 15:43
881
Бөлісу:
Атырауда заңсыз ойын орындары анықталды

ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен заңсыз ойын орындары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айларының аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратынан және пәтерде заңсыз тиым салынған құмар ойынды жүзеге асырып, заңнамада бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу қылмыстық әрекеттері әшкереленді. 

Сот үкімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. 

Өзгелердің жаңалығы