Атырауда волонтерлік қозғалыс орталығы құрылды

21 Ақпан 2020, 06:29
1887
Бөлісу:
Атырауда волонтерлік қозғалыс орталығы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесуде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы волонтерлер жылы деп жариялады. Атырау облысында белсенді, білімді жастарды қолдауға бағытталған шаралар іске асуда. Ел болашағы саналы ұрпақтың қолында. "БІРГЕМІЗ" жалпыхалықтық волонтерлік жобасы бастау алды.
Жоба аясында оқушылар мен жастар орталығында волонтерлік қозғалысты дамыту орталығы ашылады. Еріктілерді қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынады,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Өткен жылы облыста "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 144 жоба іске асты. 450 мың адамды қамтыған мыңнан астам әр түрлі шара ұйымдастырылды.
"Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасына облыстан 7 нысан енді.
"Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" арнайы жобасы аясында Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейінде көрме ұйымдастырылды. "Қазақстанның алтын мұрасы" шарасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі сарматтар дәуіріне қатысты жәдігерлер көрсетілді, - деп атап өтті облыс әкімі.

Өңірдегі киелі жерлер туралы "Өз көзімен" атты 12 сериялық деректі фильм түсірілді. Ол "Қазақстан-Атырау", "Caspian news" телеарналарында көрсетілді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы – идеологиялық жұмыстардың негізі. Сондықтан, уақыт талабына сай шаралар легін өткізуді жақсарту керек. Аймақтағы белгілі тарихи тұлғалар туралы деректі фильмдер, басқа да ақпараттық өнімдер жасауға кірісу керек.
Өзгелердің жаңалығы