Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда түрмеден өрт шықты

Бүгiн, 05:35
198
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Атырауға қарасты Тасқала ауылында орналасқан түзеу мекемесінің ғимаратының шатырынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар мен техникалар жедел жеткенде екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны белгілі болған.

Өрт шыққан сәтте ғимараттағы адамдар кешкі серуенде болған, яғни, адамдарды эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. ТЖД күштері мен техникасының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді, – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты тиісті тексеру жұмысы жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы