Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 15 Маусым 2024 2024, 21:09
15 Маусым 2024 2024, 21:09
932

Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Кеше, 14 маусым күні сағат 09:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Наверх