Атырауда тәуліктік кезекшілікке Ақтөбеден келген ТЖ мамандары қатысуда

Бесікті, Талғайраң ауылдарын қамтитын 58-63 учаске аралығында жалпы ұзындығы 4 шақырым, биіктігі 6 метрді құрайтын бөгет салынды.

 ТЖМ баспасөз қызметі 14 Мамыр 2024 2024, 18:43
14 Мамыр 2024 2024, 18:43
648
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Тасқынмен күрес шараларына жұмылдырылып отырған Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандары қазіргі уақытта Атырау қаласы маңындағы Бесікті, Талғайраң ауылы тұсындағы жағалауда тәулік бойына кезекшілікте тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
 

Бесікті, Талғайраң ауылдарын қамтитын 58-63 учаске аралығында жалпы ұзындығы 4 шақырым, биіктігі 6 метрді құрайтын бөгет салынды. Кезекшілікке Ақтөбе облысынан ТЖ саласынан 40 қызметкер күндізгі және түнгі бақылау жұмыстарына қатысуда. Сонымен қатар, жергілікті ТЖ департаментінен де мамандар бөгет басындағы қауіпсіздік шараларына қатысуда, -деді 58-63 участок координаторы Самат Төлемісов.

Еске сала кетелік, Атырауда жаға бекіту жұмыстары 113 учаске бойынша атқарылды.

Наверх