Атырауда таеквондодан Қазақстан спартакиадасы өтеді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-4 тамыз аралығында Атырау қаласында таеквондодан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы өтеді. Бұл туралы&nbsp;Olympic.kz хабарлады.</h4>

 1 Тамыз 2019 2019, 08:55
1 Тамыз 2019 2019, 08:55
2206

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-4 тамыз аралығында Атырау қаласында таеквондодан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Елішілік турнирге 14 облыстан жалпы есебі 153 спортшы қатысуға өтінім берген. 

Жарысқа қатысушылар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов жоқ. Сондай-ақ, Жансель Дениз жарақатына байланысты турнирден сырт қалмақ. 

Гран-при жүлдегері Руслан Жапаров та жарыстан босатылды.

Ал жақында Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Смайыл Дүйсебай Атырау төрінде сынға түседі деп күтілуде. 


Наверх