Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында өткен жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтерлi болған 12 адамға 10 миллион теңгеден астам соманың тұрғын үй сертификаты табысталған.
Бұл қаражат тұрғынның таңдаған пәтерінің алғашқы жарнасын төлеу үшін қайтарымсыз түрде берілген. Тұрғын үй сертификаттарына белгілі бір санатқа жататын азаматтар ғана ие бола алады. Олар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және өзге де салалардағы мамандар, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтағылар. Былтыр облыста осындай сертификаттар үшін 1 млдр теңге қарастырылған еді. Осы мақсаттағы жұмыстар биыл да жалғасады екен.
Сертификаттар әр алымшы үшін миллион теңгеге дейін айқындалады. Екі санатта, яғни әлеуметтік көмек және әлеуметтік қолдау ретінде беріледі. Әлеуметтік көмек "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушы толық емес, мүгедек баласы бар, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға беріледі. Ал әлеуметтік қолдау ретінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алуға ниетті мемлекеттік мекеме мамандарына беріледі. Өткен жылы Атырау қаласынан - 9, Исатай ауданынан - 2 отбасыға, Махамбет ауданынан - 1 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілді. Биыл да осы сертификаттарды беру жұмыстары жалғасуда, - дейді Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Гүлфайруз Өмірғалиева.Атырау облысы әкімдігі мен "Баспана" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы арасында ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру аясында меморандумға қол қойған. Айта кетейік, Атырау облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 94 отбасы баспаналы болған.
Ал 7-20-25 бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін екінші деңгейдегі банктерге 572 өтініш түссе, 319 өтініш мақұлданып, 306 өтінішке 4 млрд теңгеден астам несие берілген.