Бұл туралы ТЖМ ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау қаласында Жайық өзені бойындағы ықшам аудандарда және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде, Береке ауылында су тасқынынан қорғау мақсатында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға ЖАО, ТЖМ, ІІМ, ҚМ, Ұлттық Ұлан, еріктілер мен тұрғындардан барлығы 7000-ға жуық адам, 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Бүгінгі күнге дейін топырақ толытырған қап төселіп, 226,8 км бөгеттер соғылды. Қаптарды төсеу және қорғаныс бөгеттерін салу бойынша іс-шаралар жалғасуда.