Атырауда СОБР ішінде жанжал: Қызметкерлер басшыларының соққысы мен қорлығына министрге шағымданды

Атырауда арнайы мақсаттағы жасақ – СОБР қызметкерлері өз басшыларының әрекетіне қатысты шағым түсірді.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 20:16
Бүгiн 2026, 20:16
383
Фото: видеодан алынған кадр

Атырауда СОБР қызметкерлері командирлердің әрекетіне шағымданып, күш қолдану мен балағат сөздер айтылғанын мәлімдеді. Қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызметкерлердің айтуынша, командирлер тарапынан балағат сөздер айтылып, кей жағдайда күш қолдану фактілері болған. Осыған байланысты олар Ішкі істер министрі Ержан Саденовке және ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаментіне ресми түрде шағым жолдаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиғалардың бірі ақпан айында қызмет барысында болған. Қызметкерлердің бірі жанжалдан кейін басынан соққы алған. Болжам бойынша, оған бронежилетпен соққы жасалған.

Атырау облыстық полиция департаменті СОБР қызметкерлерінің бірі тарапынан қызметтік тәртіптің бұзылғанын растады. Аталған қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар басшылық тарапынан болған ықтимал заңсыз әрекеттерге байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ведомство.

Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға берілмек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх