Атырауда шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті

Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 9 Маусым 2024 2024, 19:35
9 Маусым 2024 2024, 19:35
792
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктерге жедел медициналық жәрдем бригадасы көмектесті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.

Наверх