Атырауда үш күнде 106 жасөспірім құқық бұзған

22 Ақпан 2020, 04:50
1449
Бөлісу:
Атырауда үш күнде 106 жасөспірім құқық бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда үш күнде құқық бұзған 106 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Полиция қызметкерлері Атырау қалалық білім бөлімінің мамандарымен бірге "Жасөспірім" жедел-алдын алу шарасын өткізді. Үш күндік рейд барысында 107 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Осыған байланысты 106 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

 

Сондай-ақ ювеналды полиция инспекторлары 96 қолайсыз отбасымен, ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 41 жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары туралы жиын өткізді.

Өзгелердің жаңалығы