Атырауда СЭС мектептер мен балабақшаларға 63 млн теңгеден астам айыппұл салды

5 Қараша 2024, 21:10
332
Бөлісу:
Атырауда СЭС мектептер мен балабақшаларға 63 млн теңгеден астам айыппұл салды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Атырау қаласының прокуратурасы қадағалау аумағындағы білім беру және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеріс барысында санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медицина саласында заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 63 040 900 теңге (14 жеке, 42 мемлекеттік мектеп / 30 жеке, 20 мемлекеттік балабақша), Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментімен 4 287 360 теңге (9 жеке, 2 мемлекеттік мектеп / 14 жеке, 8 мемлекеттік балабақша), Төтенше жағдай басқармасымен 1 218 360 теңге (3 жеке, 1 мемлекеттік мектеп / 20 жеке, 20 мемлекеттік балабақша), Білім саласында сапаны қамтамсыз ету департаментімен 11 795 940 теңге (12 жеке/ 47 мемлекеттік мектеп /11 жеке, 1 мемлекеттік балабақша), еңбек инспекциясымен 1 772 160 теңге (2 жеке мектеп / 4 жеке балабақша) айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Тексеріс қорытындысымен 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды және мемлекет пайдасына 82 114 720 теңге айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар, алаяқтық жолмен мемлекеттен заңсыз 16,5 млн теңге алған үш балабақша меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта көрсетілген сома мемлекетке толық қайтарылды.

Балалардың қауіпсіздігі және бюджет қаражатының мақсатымен жұмсалуы қала прокуратурасының басты назарында.

Өзгелердің жаңалығы