Атырауда салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын ұстады

1 Қыркүйек 2020, 12:47
4152
Бөлісу:
Атырауда салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше «Амангелді» өнеркәсібі балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын аулаған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Қазіргі уақытта алып балық «Жайық Атырау бекіре» зауытына тапсырылды. Жынысы мен жасы анықталу үстінде. 

Айта кетейік, бекіре тұқымдас мұндай балықтар сиреп бара жатқандықтан Қызыл кітапқа енгізілген. Бүгінде тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады.

WhatsApp Image 2020-09-01 at 06.59.41.jpeg  WhatsApp Image 2020-09-01 at 06.59.41 (1).jpeg

Өзгелердің жаңалығы