Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында ескірген реанимобильдер жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Қазіргі уақытта қалада 94 реанимобиль көлігі тұр. Олардың 24-і толығымен тозған, тіпті пайдалану мүмкін емес, 26-сы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қоңырау түскен жерлерге тек 41 көлік жіберіледі. Автокөлік құралдарының тозуы жедел жәрдемнің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы жергілікті бюджеттен 5 реанимобиль алуға қаражат бөлінді. Бүгінде республикалық бюджеттен 22 реанимобильге қажетті сомма бөлініп қойды. Атырауда олар 2020 жылдың бірінші тоқсанында қолдануға беріледі, - делінген хабарламада.Сонымен қатар өңірде кадр мәселесі де ақырындап шешімін таупы келеді. 2019 жылы 78 қызметкер жұмысқа қабылданған, олардың 54-і Атырауда, 24-і аудандарда жұмыс істейді.