Атырауда "ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" байқауына өтінімдер қабылдануда

26 Сәуір 2019, 20:26
2359
Бөлісу:
Атырауда "ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" байқауына өтінімдер қабылдануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Байқаудың мақсаты- мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтап, ынталандыру. Байқауға мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі бір жылдан кем емес және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатысады.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев хабарлады.

"Өтінім мен сауалнаманы толтырумен қатар қатысушылар «Неліктен мен «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына лайықпын?" деген тақырыпта мотивациялық эссе жазулары керек. Байқау екі кезеңнен тұрады. Алдымен аймақтық деңгейде ұйымдастырылады. Үміткерлер агенттік департаментінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуден компьютерлік тестілеу сынағынан өтеді. Тестілеуді жақсы тапсырған қатысушы аймақтық комиссияда әңгімелесуден өтіп, жобалық жұмысын ұсынады", - деді Руслан Тұңғышбаев.

Аймақтық комиссиядан оң нәтиже алғаннан кейін қатысушы екінші кезеңге өтіп, республикалық комиссияға бағытталады.

"Республикалық комиссия жеке жобалық жұмыстарын тапсырған қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. Арнайы бағалау талаптары бойынша дауыс беру арқылы жүлдегер анықталады", - деді Руслан Тұңғышбаев.

Өзгелердің жаңалығы