Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда қыркүйек айына дейін 100 тұрғын үй салынады

7 Шілде 2024, 14:14
662
Бөлісу:

Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйлердің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысты ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

100 үй салу;

1 376 үй сатып алу – 1 341 сатып алынды;

1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы