Атырау облысында құтқарушылар ауыл тұрғындарын тәулік бойы қайықпен тасымалдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Махамбет және Сарытоғай ауылдарының арасындағы жол төсемін ашып, нәтижесінде көлік қозғалысы тоқтатылған болатын.
Жергілікті құтқарушылар өткен тәулікте 150-ден астам тұрғынды қайықпен тасымалдады.
Сондай-ақ Махамбет ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. 105 км астам үйінді қорғаныш құрылыстары салынды.