Атырауда пышақ ұстаған 59 жастағы әйел көліктерге шабуыл жасады

Кеше, 22:48
309
Бөлісу:
Атырауда пышақ ұстаған 59 жастағы әйел көліктерге шабуыл жасады
Фото: видеодан кадр

Атырау қаласындағы "Рахат" аялдамасында қолына пышақ ұстаған әйел көліктерге шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желіде тараған видеоға сәйкес, егде жастағы әйел адам пышақпен өтіп бара жатқан көліктерге шабуыл жасағанын көруге болады. Қалалық полиция аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Аталған бейнежазбадағы оқиға 5 наурыз күні болған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаның жеке басын анықтады. 59 жастағы әйел адамның жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды. Құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты заңды жауапты күтушісімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, іс-құжаттар жауапты жергілікті атқарушы органдарға шарасын алу үшін жолданады, - делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы