Атырауда пошта қызметін қашықтан тұтынушылар көбейген

18 Сәуір 2020, 13:30
1746
Бөлісу:
Атырауда пошта қызметін қашықтан тұтынушылар көбейген

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында Қазпоштаның 117 бөлімі бар. Төтенше жағдайда пошта қызметіне де біраз өзгерістер енгізген. Жұмыс уақыттары қысқарып, ондаған бөлімшелер жабылған. Дегенмен Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықованың айтуынша зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу жұмыстары қалыпты.

"Қазпошта" арқылы 1600 зейнеткерге зейнетақыларын үйлерін жеткізіп береміз. 240 зейнеткер арақашықты сақтау ережелері арқылы бөлімшелерден келіп алды. Бұдан басқа дербес шоттар арқылы алатын 5 мыңға жуық зейнеткерлердің мың жарымын төлем карталарына ауыстырып, мекен-жайларына жеткізіп бердік. Көптеген зейнеткерлеріміздің телефондары мен мекен-жайлары өзгеріп кетулеріне байланысты қиындық туғызуда. Сондықтан зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп беруімізді қалайтын үлкендерімізге арнайы телефондарға хабарласуларына болады. Ал кейбір үлкен кісілеріміз карантин уақыты аяқталған соң ғана аламыз деп хабарласып жатыр, - дейді "Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықова.

Сәлемдемелерді үйге жеткізіп беру жұмыстары күрт көбейген. 

Сондықтан біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Тұтынушыламен тығыз байланыс жасап отырмыз. Бөлімшелерге келушілер саны азайды. Қашықтан қызмет алушылар көбейді. Жалпы Қазпоштаның post.kz мобильді қосымшасы мен сайты бар. Барлық коммуналдық төлемдер, салықтады төлеп, т.б көптеген қызметтерді осы арқылы алуға болады,-дейді  Алтын Садықова.

Сонымен қатар әлеуметтік көмек алушы 6 мыңға жуық атыраулық поштадан есеп шот ашқан.


Өзгелердің жаңалығы