Атырауда өткен жылы балық шаруашылығы заңнамасын бұзған 2200-ден астам дерек анықталды

Бүгiн, 03:22
161
Бөлісу:
Атырауда өткен жылы балық шаруашылығы заңнамасын бұзған 2200-ден астам дерек анықталды
Фото: архив

Балық шаруашылығын қорғау заңнамасы бұзылуының алдын алу жұмыстарын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы Жайық-Каспий бассейні су қоймаларының қызметкерлері атқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2200-ден астам құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылып, өрескел заңбұзушылық белгілері бар 141 хаттама сотқа жолданды. Ал қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен 13 тұлғаға қатысты 10 іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Тәртіп бұзушыларға 29,2 млн теңге айыппұл салынды. Оның 25,4 млн-і мемлекет бюджетіне қайтарылды. 29 тұлға балық шаруашылығына 6,8 млн теңге залал келтіргені үшін сотқа тартылды.

Заңсыз айналымнан 4 тонна 638 келі балық (оның 383 келісі бекіре тұқымдастар), 2 800-ден астам аулау құралдары, сондай-ақ, 100 шақты жүзу және көлік құралдары тәркіленді.

Инспекция мамандарының көмегімен Атырау облысында 104,5 миллион, ал Батыс Қазақстан облысында құтқарылған 26,3 миллион шабақтың табиғи ортасына жіберілгенін де айта кетейік.

Өзгелердің жаңалығы