Құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Атырауда Алмагүл ықшамауданында жеті қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 шаршы метр алаңда өрт болды.
ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.
Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу, - делінген ведомство хабарламасында.