Атырау мектептерінің бірінде 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда күдікті оқушы анықталды. Заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Педагогтардың әрекетіне баға беріледі
Сынып жетекшісі мен мектеп директорының құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінбегені туралы материалдар Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне тапсырылды. Тексеру аясында педагогтардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Кәмелетке толмаған балаға қатысты шаралар
Құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған оқушы ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Жиналған барлық материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады.
Бұған дейін Атыраудағы "Тағылым" жеке мектебінің оқушысы жарақат алғаны туралы желіде таралған еді.