Атырауда модульдік типтегі жұқпалы аурулар аурухана салынуда

6 Қазан 2020, 22:35
1611
Бөлісу:
Атырауда модульдік типтегі жұқпалы аурулар аурухана салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Болжанып отырған пандемияның екінші толқынына қатысты облысымызда дайындық шараларын күшейттік. Жаңадан салынып жатқан 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын тексеріп шықтым. Бой түзеп жатқан медициналық нысанды жұмыс жүріп жатқанын көрдім. Қазіргі кезде тиісті жұмыстардың 85% аяқталыпты. 900 адам жұмыс істеп жатқан нысан осы қазан айында аяқталады деп жоспарлануда, – деп жазды облыс әкімі.
Өзгелердің жаңалығы