Атырауда мемлекеттік қызмет сапасы талқыланды

20 Қыркүйек 2019, 17:39
2344
Бөлісу:
Атырауда мемлекеттік қызмет сапасы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердегі проблемалық мәселелер туралы аймақтық жиын өтті, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуде «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Тұрлан Нұржанов 2019 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы бірқатар мәлімет айтты. Орындалған міндеттер барысында ағымдағы жылы электрондық үкімет порталы арқылы 5572 адам жүргізуші куәлігін алған. Сондай-ақ, 578 көлік электронды портал арқылы тіркелген.

"МХҚКО–ға D, D1, C, C1 санаттары бойынша автокөліктердің болмауы қызмет көрсетуге кері әсерін тигізіп, шағымдар тіркелуде. Бұл мәселе, облыс әкімі Н.Ноғаевтың қолдауымен шешімін тауып жатыр. Қазіргі таңда, мекемеге төрт автокөлік алып беруге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде", - дейді Тұрлан Нұржанов.

Сондай-ақ, жиын барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің МКҚ басқармасының басшысы Данияр Алтыбай Атырау облысының тұрғындарына көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен таныстырды.

"Атырау облысы бойынша 2019 жылдың 6 айында 1 689 071 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын. Мұндағы, жергілікті атқарушы органдардың көрсетілген мемлекеттік қызметі – 11,4%, ХҚКО – 4,1%құрап отыр. Ал, қалған 84.5% қызмет электронды түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 30,7 пайызға артып отыр", - дейді Данияр Алтыбай.

Сонымен қатар, жиында халыққа сапалы, әрі жылдам қызмет көрсету мақсатында төлем кассаларын көбейту керектігі айтылды. Сондай-ақ, азаматтарға қолайлы жағдай туғызу үшін Атырау қаласының №1 ХКҚО мен Көші-қон орталықтарын кеңейту ұсынылды.


Өзгелердің жаңалығы