Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қорытындысымен ірі қара малы 173,4 мың басты, түйе 32,4 мың басты, жылқы 83,8 мың басты, қой-ешкі 567,2 мың басты, құс 455,4 мың басты құрады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өндірілген өнімдер: ет тірілей салмақта – 53,1 мың тонна, сүт – 61,8 мың тонна, жұмыртқа – 120,0 млн дана өндірілді. Бұл туралы ӨКҚ өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев мәлімдеді.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуда 2018-2027 жылдарға арналған етті-мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облысқа өткен жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен аграрлық несиелер корпорациясы арқылы 750 бас мүйізді ірі қара, 7 000 бас қой малын сатып алу тапсырмасы артығымен, яғни мүйізді ірі қара 155%-ға, қой малы 116%-ға орындалды, – дейді Қайрат Нұрлыбаев.
Оқи отырыңыз: