Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 4 тамызда «Residence Ardager» ТК 15-қабаттан лифт шахтаға құлап кетті. Қызмет көрсететін компанияның 39 жастағы монтері қаза тапты, екінші жұмысшы ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы azh.kz сайты хабарлады.
1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше жері сынған және әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Қазіргі уақытта операцияға дайындалуда. Операциядан кейін жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болады, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаменті тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.