Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
ҚМА Атырау облысы бойынша департаментімен әлеуметтік объектілердің, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, сотқа жолданды. Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 млн теңге, - деді Әбділов.
Ол атағандай, ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, - деді ол.