Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаева айтты, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Күнделікті ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қауіпті індетке шалдыққандардың басым көпшілігі – Теңіз кенішінің жұмысшылары екені анықталып отыр.Әсел Мұқаеваның мәлімдеуінше, олардың саны коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталғаны туралы шұғыл хабарлама түскен бойда науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқшауланады, - деді Әсел Мұқаева.Айта кетейік, карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы пайда болса дереу дәрігерге хабарласқаны жөн. Әрі қарай жергілікті емханаға медициналық бақылау үшін жіберіледі.