Атырауда көне қорымдар тасқын судан қорғалған ба

Сарайшық қалашығындағы көне қорымдар судың басуынан қорғалған, деп жазады BAQ.KZ.

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 4 Мамыр 2024 2024, 11:45
4 Мамыр 2024 2024, 11:45
1091
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Сарайшық қалашығындағы көне қорымдар судың басуынан қорғалған, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл жөнінде Сарайшық ауылдық округының әкімі Жаннат Кенжеғалиева хабарлады. 

Бүгінгі күнге Сарайшық ауылындағы жағалау бекіту жүмыстары 100% аяқталған. Қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Олардың 5,4 шақырымы ескі жалдар болса, 8,2 шақырымы жаңадан салынған. 

Барлық ескі қорымдар мен Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба орындары биіктігі 2,5 м дамбамен қорғалған. Сарайшық сапар-орталығының айналасындағы қорғау қоршауы да жаңартылды, - деді Кенжеғалиева.

Наверх