Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан Нигерия Федералдық Республикасының 24 жастағы азаматы ұсталды.
Аталған ер адамды Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұстаған.
Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама оның "мефедрон" синтетикалық есірткісі екенін анықтады, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз өндіру, алу, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.