Атырауда полиция екі кісіні өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Қылмыстың мән-жайы жария етілмейді.