Атырауда электр станциясы өртеніп, бірнеше ықшам аудан тұрғындары жарықсыз қалды

14 Қараша 2022, 17:40
1229
Бөлісу:
Атырауда электр станциясы өртеніп, бірнеше ықшам аудан тұрғындары жарықсыз қалды
PHOTO

Жарықтың өшуіне №18 станцияның өртке орануы себеп болған. Салдарынан қаланың 6 ықшам ауданындағы, атап айтқанда Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы, Контейнер мен Вокзал маңында тұратын тұрғындар электр энергиясынсыз қалды, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

 Мен «Геолог» шағын ауданында тұрамын. Таңертең үш бірдей баламды алып, мектепке бардым. Табалдырықтан аттай салысымен, қайта үйге кеттік. Себебі жарық жоқ. Өзім де жұмыстан қалуға мәжбүр болдым. Ертеңге дейін қосылады деген үміттемін. Ондай болмаған жағдайда балаларды ата-әжелеріне апарып тастауым керек болады. Себебі үйде қарайтын ешкім жоқ. Ал бізді ешкім жұмыстан босатпайды, – дейді қала тұрғыны Л.Пак.

Жарықтың жоқтығынан қала мектептеріндегі 10 мыңнан астам оқушы онлайн форматқа ауысса, балабақшаның 1 мыңнан астам тәрбиеленушісі үйде қалды. Қашықтан білім берген мектептер қатарында № 2 Ж.Нәжімедено атындағы орта мектеп, № 35 мектеп-гимназиясы,  №36 мектеп-гимназиясы, №39 орта мектебі, Қ.Сұмағұлов атындағы орта мектеп пен Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп бар. Қазір жауаптылар электр нергиясын қалыпқа келтіру үшін, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Атырауда электр станциясы өртеніп, бірнеше ықшам аудан тұрғындары жарықсыз қалды

13 нен 14 қараған түні таңғы 2 жарым шамасында подстанцияда осындай оқиға болды. Басты себеп кабельдердің өртенуі. Қосалқы стания сау. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 18 бригада жұмылдырылды. Вокзал маңы ықшам ауданына жарық берілді. Күн соңына дейін мәселе толық реттеледі, – дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұртаев.

Проблема күн соңына дейін шешілсе, сабақты қашықтан оқуға мәжбүр болған 10 мыңнан астам білім алуушы ертең мектепке оралады.

Айта кетейік, жуырда Атырау облысына іс-сапармен келген мемлекет басшысы өңірдегі дәл осы электр желілерін сынға алған еді. Президенттің айтуынша желілердің 40 пайызы ескірген. Сол себепті оған түгелдей жаңғырту жүргізуді тапсырған еді. Шынымен де, бұл тұрғындар үшін өте өзекті мәселе. Мұнайлы шаhар жұрты үнемі сәл жел тұрып, жауын жауса жарықсыз қалады. Бұқара проблема жақын арада шешіледі деген сенімде.

Атырауда электр станциясы өртеніп, бірнеше ықшам аудан тұрғындары жарықсыз қалды
Өзгелердің жаңалығы