Атырауда егіз сәби терезеден құлап кетті

30 Маусым 2022, 15:50
1647
Бөлісу:
Атырауда егіз сәби терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында бес жастағы егіз бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Ведомствоның мәлімдеуінше, қыздардың құлап кеткендігі туралы қоңырау 27 маусым күні 22:10-да келіп түскен. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша қайғылы оқиға кезінде егіздердің анасы кір жайып жатқан. Қыз балалар басқа бөлмеде болған. Олар москит торына сүйенемін деген кезде құлап кеткен. Бүлдіршіндер ауыр жағдайда ауруханада жатыр.  

Өзгелердің жаңалығы