Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9-ы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Уланғандар қаладағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындардың ішінде 1 жасар сәби де бар. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа деп отыр.
Осы оқиға бойынша қалалық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатты, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Барлығында да қызу болған. 40-қа дейін барған. Іш өту дейміз, сондай сипмтомдары болған, – деді облыстық санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Әлия Бекешева.