Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда полицейлер Геолог ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-21014» маркалы екі көліктің ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тапты. Бұл туралы azh.kz жазды.
Көліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы, екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ «Байкал МР-512» маркалы қару тәркіленді.
23 жастағы екі тұрғынға ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.