Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласында "Бақытты отбасы" бағдарламасының екінші кезеңі бойынша құжат қабылдау басталды. Бұл бағдарламаны пайдаланып, баспаналы болудан ниетті жандардың қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарласып, жолдама алуларына болады. Аталған бөлім мамандарының айтуынша биыл бағдарламаға өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар жолдама алушының тұрғын үй кезегінде қай уақыттан бері тұрғандығы маңызды емес екен.
Былтыр "Бақытты отбасы" бағдарламасында бір адамның айлық табысы 42500 теңге болуы шарт еді. Ал биылғы жылы 62 366 теңгеге көбейді. Сондықтан да табысы бір адамға шаққанда 62 366 теңгеден аспайтын жанұялар осы бағдарламаларға қатысуға мүмкіндіктері бар. Қай жылдан бері тұрғандығында да шектеу жоқ. Тек кезете тұрса болғаны. Өткен жылы біз 156 адамға банкке жолдама бердік, оның 80-ге жуық адамы баспаналы болды. Атыраулықтар бөлімге келіп, жолдама алып, "Тұрғынүйқұрылысжинақ" банкісіне барып, құжат тапсырады.Сонымен қатар олардық құжаттарын банк мақұлдаса, жергілікті әкімдіктің қолдауымен алғашқы жарнасын төлеу үшін тұрғын үй сертификаттарын алуларына мүмкіндік бар. Ол үшін де өтініш жазып, құжат тапсырады, - дейді Атырау қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Рафхат Жолдиев.Айта кетейік, "Бақытты отбасы" бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы, толық емес, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.