<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында тозығы жеткен футбол алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.</h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында тозығы жеткен футбол алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан хабарлағандай, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілер мен облыс әкімдігінің телеграм-чат каналына түсетін арыз-шағымдарды сараптау нәтижесінде, қаладағы тозығы жеткен 12 футбол алаңының тізімі жасалған.
Аталған спорт нысандарының металл қоршаулары жөнделіп, сырланады. Торлары ауыстырылып, төсемі қиыршықтаспен тегістеледі. Құм мен резеңке үгіндісі жайылып, бетіне жасанды шөп төселеді.
Бұдан бөлек, биыл абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан 5 аулаға жаңа футбол алаңын салу көзделіп отыр. Ал, келер жылы жүзеге асатын «100 аула» жобасы бойынша, қаладағы тұрғын-үй алаптарының аумағы кең аулаларына ойын алаңдарымен қатар, жаңа футбол алаңдарын салу қарастырылған.