Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген екі кәсіпкерлік нысан жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтергені үшін, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
2 сәуір мен 8 сәуір аралығында 1 сауда желісі мен 1 бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапқа тартылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады, - деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы Әлем Уалиев.