Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарғанда, өрт кеше, 13 қарашада болған.
Өрт туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын қоймадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те оқшауланып, сағат 16:45-те сөндірілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.