Атырау облысында экс-әкім бұрынғы әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау қаласының №2 соты Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовтің әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваға қатысты зорлық-зомбылық көрсету дерегіне қатысты қылмыстық істі қарады.
Бұған дейін Үмбетқалиева видеоүндеу жолдап, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы соққыға жыққанын, онымен қоса балаларын тартып алғанын айтты.
2023 жылы 31 мамырда Атырау қаласында ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болды. Жанжал барысында Ринат Ибрагимов әйелді жерге құлатып, жамбас тұсынан бірнеше рет тепкен. Салдарынан әйелдің 5-омыртқасы сынып, денсаулығына орташа ауыр дәрежеде зиян келтірілді, - делінген сот хабарламасында.
Сот Ибрагимовті кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Зардап шеккен әйелге 2 млн теңге көлемінде моральдық шығын төленді.